Accessibility links

Шымкентте "пара берді" деп айыпталған экс-полицейлер прокуратураға талаппен барды


Шымкент қалалық прокуратурасының азаматтарды қабылдау орталығы алдында тұрған экс-полицейлер. 25 қаңтар 2024 жыл.
Шымкент қалалық прокуратурасының азаматтарды қабылдау орталығы алдында тұрған экс-полицейлер. 25 қаңтар 2024 жыл.

25 қаңтар күні Шымкентте “пара берді” деп айыпталып, прокуратураның қаулысы бойынша ақталмайтын негізде ісі қысқарып, жұмыстан шығарылған оннан аса бұрынғы полиция қызметкері қала прокуратурасына барып, талап қойды. Олар айыптау қаулысын бұзуды, қайта жұмысқа қабылдауды талап етті. Прокуратура қайта арыз жазуды ұсынды.

Таңертең наразылар жиналмастан бұрын қала прокуратурасының маңын полиция күзетіп тұрды. Патрульдік полиция полкінің төртінші және сегізінші ротасында жұмыс істеген оннан аса адам бұған дейін қала әкімдігінен митинг өткізуге рұқсат ала алмаған.

Жиналғандар түске жақын прокуратураның азаматтарды қабылдау бөліміне кіріп, өздеріне қатысты қаулыны шығарған қала прокурорының орынбасары Ержан Мараттың шығуын талап етті. Олардың айтуынша, “пара берді” деген күдікке ілінген сексенге жуық полицейдің 44-іне ақталмайтын негізде қаулы шығарған. 26 полицей ақталып, жұмысқа қайта қабылданған. Десе де, әуелде бәріне бірдей қысым көрсетіліп, тергеушілердің айтуымен бірдей мәтінде жауап беріп, айыпты мойындаған.

“Міне, жазған арыздарының бәрі бірдей, - дейді олар ақталған полицейлердің кінәсін мойындаған жауап алу хаттамасын көрсетіп.- Онда неге алар ақталады, біз сотталды деген атқа қалдық?

Жиналғандар прокуратура істі дұрыс қарамады, тергеу бұрмаланды деп санайды. Бірақ олардың бұл сөзімен прокуратура келіспейді.

Шымкент қалалық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Асланбек Заманбектің Азаттыққа айтуынша, “пара берді” деген күдікке ілінген сексенге жуық адамның 44-інің айыбы дәлелденген. 26 адам ақталған. 3 адамның ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеп, 4 адамның ісін сот қарап жатыр.

25 қаңтарда арокурор ақталмайтын негізде істі қысқарту туралы қаулыға қарсы арыз жазуды ұсынғанымен, жиналғандар жазбады. Олар әу баста қаулыны шығарған қала прокурорының орынбасары Ержан Мараттың шығып, мән-жайды түсіндіруін талап етті. Бірақ ол шықпады.

Қаладағы партульдік полицияның 80-ге жуық қызметкері тергелген іс 2022 жылы көктемде басталып, былтыр шілдеде аяқталған. Нәтижесінде екі ротаның командирлері пара алды деп айыпталып, 7 жылға сотталған. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылған. «Пара берді» делінген 44 адам жұмыстан шеттеген. Олар бұдан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан іске араласуын, қайта тегеу жүруіне ықпал етуін сұрағанымен, еш өзгеріс болмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG