Accessibility links

Джо Байден демпартияның Оңтүстік Каролинадағы праймеризінде жеңді


АҚШ президенті Джо Байден президент сайлауы кампаниясындағы Демократиялық партияның Оңтүстік Каролина штатында өткен алғашқы праймеризінде жеңген.

Соңғы мәлімет бойынша, Байден Миннесота өкілдер палатасының мүшесі Дин Филлипс пен жазушы Марианна Уильямсоннан басым түскен. Праймериз қорытындысы бойынша Байден штаттағы 55 демократтың бәрінің дауысын алады.

Оңтүстік Каролинадағы жеңіс − АҚШ-тың іс басындағы президентінің сайлаушылардан алған алғашқы дауысы. Алдағы уақытта Демпартия атынан президенттікке кандидат анықталады.

23 қаңтарда Нью-Гэмпшир штатында да праймериз өткен. Ондағы бюллетеньде Байденнің аты-жөні болмаса да демократтардың бәрі дауысын Байденге берген. Республика партиясының праймеризінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жеңіп шыққан. Байденнің негізгі бәсекелесі Трамп болуы әбден мүмкін.

АҚШ-тағы президент сайлауы биыл 5 қарашада өтеді. Жеңген кандидат 2025 жылы 20 қаңтарда ант береді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG