Accessibility links

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы "Украинадағы соғысқа қарсы" кандидат жинаған дауыстың 15%-ы жарамсыз деді


Russia Election Opposition Candidate
Russia Election Opposition Candidate

Ресейдің орталық сайлау комиссиясы "Украинадағы соғыс қарсы екенін" мәлімдеген президенттіке кандидат Борис Надеждин жинаған қолдың 15%-дан астамы жарамсыз деген қорытынды шығарған.

"Комиссия отырысы аяқталды, құжатты алды, 15,348%ы-ы жарамсыз деді, алда ұйқысыз екі түн тұр", – деп жазды Надеждин штабының өкілі Игорь Артемьев.

Процедура бойынша, үш сатылы тексерістен кейін күмәнді қолдар 5%-дан аспауға тиіс. Олай болмаса Орталық сайлау комиссиясы тіркемей, кандидат сайлау процесінен шығып қалады.

Артемьев "тіркеу жөніндегі отырыс 7 қазанда өтеді, содан соң Надеждин штабы сотқа береді" деп жазды.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев "Борис Надеждин мен Сергей Малинкович жинаған қолдарда проблема бар" дегенді емеурінмен аңғартқан. "Бұл өмірде жоқ ондаған адамның қолын көргенде қол жинаушылардың этикалық нормалары туралы мәселе пайда болады. Оған кандидаттың өзінің де белгілі бір деңгейде қатысы бар", – деді Булаев ОСК отырысында.

Надеждин Булаевтың сөзіне "Мен жинаған қолдардан әлдекімдерге өлген адамдар көрінсе, онда сұрақты маған емес шіркеуге, не дұға оқып, үшкірушіге қою керек " деп жауап берген. Надеждин өзін қолдау үшін қол қоюға келіп трғандардың кезекте тұрған сәті көрінетін видео жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG