Accessibility links

The Insider "Путин тізімін" жасаған құқық қорғаушылардың ішінде Ресей барлауының агенті болғанын жазды


Ресей әскери барлау басқармасының ғимараты. Мәскеу
Ресей әскери барлау басқармасының ғимараты. Мәскеу

"Азат Ресей" оппозициялық форумының бұрынғы қатысушысы, Мәскеуге қарсы санкция саясатын жасаумен айналысқандардың бірі Ресей әскери барлауының қызметкері болып шыққан. Мұны The Insider басылымы зерттеуінде жариялады.

Журналистердің сөзінше, олар адам құқығы жөніндегі Мәскеудегі ашық мектеп жұмысына қатысқанардың бірі, белсенді Иван Жихаревтің шын мәнінде кім екенін анықтаудың сәті түскенін айтады. Оның шын аты-жөні - Иван Жигарев, ГРУ (бас барлау басқармасы - ред) операцияларына қатысқан, шетелдердегі арнаулы операцияларына жетекшілік еткен. Оның ішінде британ барлау агенті Сергей Скрипальге қастандық жасау, Чехия әскери қоймаларындағы жарылыстар да бар дейді зерттеуде.

Жигарев Шығыс Германияда әскери қызмете болған совет әскерінің отбасында туған, әскерде арнаулы қызметте болған, ГРУ әскери академиясында оқыған. Жалған құжатпен өзге офицерлермен бірге бірнеше жыл шетелге шығып жүрген. Австрия, Германия, Грузия, Нидерланды мен Францияға барған.

"2017 жылы Жигарев "Жихарев" деген аты-жөнмен Мәскеудегі Сахаров орталығы жанынан құрылған адам құқығы ашық мектебіне агент ретінде енгізілген" дейді The Insider. Ол қамаудағы саяси тұтқындарға қолдау көрсету қатысқан және қырғыз құқық қорғаушысы Әзімжан Асқаровты қолдау ісін үйлестірген.

Бұл оған "Азат Ресей" форумына қатысуға мүмкіндік берген. 2017–2019 жылдары форумға қатысқан. Форум 2017 жылы Кремльді қолдайтын, Батыс санкциясы салынатын бизнесмендерден, шенеуніктерден, қоғам қайраткерлерінен тұратын "Путин тізімін" жасаған. Жигарев осы тізімді жасайтын топтың жұмысына қатысқан.

Жигарев 2021 жылдан бастап белсенділермен жұмысты доғарған. The Insider оны француз билігі жариялаған, әскери барлау қызметері болуы мүмкін адамдардың тізімі ішінде аты-жөні болғандығымен байланыстырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG