Accessibility links

Әзербайжан: Ильхам Әлиев президент сайлауында 92 пайыздан астам дауыс жинады


Ильхам Әлиев
Ильхам Әлиев

Әзербайжанда президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев жеңіске жетті. ОСК мәліметінше, бюллетендердің 93,4 пайызы саналғаннан кейін Әлиев сайлаушылардың 92 пайыздан астам дауысын жинағаны белгілі болған.

Одан кейінгі орында 2,2 пайызбен тәуелсіз үміткер Захид Орудж тұр. Қалған үміткерлер аз дауыс жинаған. Президент сайлауына әйелдер түспеді. Оппозициядағы негізгі екі партия сайлауға қатысудан бас тартты. Дауыс беруге сайлаушылардың 77 пайызы келді.

Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанның түпкілікті қорытындысын 9 ақпанда шығарады.

Сайлау келесі жылы өтуі керек болған, алайда Қаулы Қарабақты қайтарғаннан кейінгі үлкен беделге ие болған Әлиев оны биылға ауыстырған.

Ильхам Әлиев әкесі Гейдар Әлиев өлерден екі ай бұрын, 2003 жылы президент болып сайланған. Кейін ел конституциясынан "бір адам екі мерзімнен артық президент болып сайлана алмайды" деген конституция бабы алынып тасталды. Одан кейін президент өкілеті мерзімі бес жылдан жеті жылға ұзарды. Ильхам Әлиев 2008, 2013, 2018 жылдары президент қызметіне қайта сайланған. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сайлауды бақылау миссиясы бұл сайлауларды "демократия стандарттарына сай емес" деп бағалаған. Әлиев осымен қатарынан бесінші рет сайлауға түсті.

Илхам Әлиев режимі тұсында елде саяси пікірталасты шектейтін заңдар қабылданды – оппозиционерлер мен тәуелсіз журналистер қамалды.

XS
SM
MD
LG