Accessibility links

"Комитет-2024" белсендісі Карлсонмен сұхбаттағы сөзі үшін Путинге қарсы арыз түсірді


Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат беріп отыр.
Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат беріп отыр.

Саяси белсенді Сергей Антонов Ресей тергеу комитетіне қайырылып, "нацизмді ақтау" бабы бойынша президент Владимир Путинге қарсы арыз түсірді. Сергей Антоновтың пікірінше, Fox News телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Такер Карлсонға берген сұхбатында Путин "Польша нацистік Германияны өзіне шабуылдауға мәжбүрлеген-мыс" деп Гитлерді ақтаған.

Белсенді арызда сұхбаттағы президенттің сөзінен үзінді келтіреді: "Поляктар Гитлерді Екінші дүниежүзілік соғысты бастауға итермеледі" және "...неге соғыс 1939 жылы қыркүйекте Польшадан басталды: өз жоспарын жүзеге асыру кезінде Гитлерде Польшаға соғыс ашудан басқа амал қалмады"

Антоновтың айтуынша, сұхбат үзіндісі ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған. Ол нақты жағдайда "қызметтік өкілеті мен ақпарат құралдарын пайдалану" бойынша қылмыс белгілерін байқағанын жеткізіп, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастауды талап еткен.

  • Сергей Антонов жетекшілік ететін "Комитет-2024" бірлестігі "путин режимін делегитимизациямен" айналысады. Бұған дейін бірлестік ОСК-ға қайырылып, қол жинау кезіндегі көп заңсыздықтарға сүйене отырып, Путинді президенттіктен үміткер ретінде тіркемеуді сұраған.
  • Антонов – саяси технолог, "Свободная Удмуртия" ұйымының мүшесі. 2022 жылы "Ресей жаңғыру партиясы" атынан Удмуртия жетекшісі қызметінен үміткер ретінде ұсынылып, ізінше сайлау кампаниясындағы заңсыздықтарды алға тартып, одан бас тартқан. Осыдан кейін ол қудалаудан қауіптеніп, Ресейден кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG