Accessibility links

Маңғыстауда "Мобил Сервис Групп" компаниясының жүзден аса жұмысшысы ереуілге шықты


Маңғыстауда жүзден аса жұмысшы бұрынғы әріптестеріне араша түсті
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:09 0:00

11 ақпаннан бері Маңғыстау облысында "Мобил Сервис Групп" компаниясының жүзден аса жұмысшысы ереуілге шығып, тәуелсіз кәсіподақ мүшесі болғаны үшін жұмыстан шығарылған әріптестерін қызметке қайтаруды талап етіп тұр.

Жұмысшылардың айтуынша, оларда екі кәсіподақ бар, бірі — тәуелсіз, екіншісі — компания жанынан ашылған. Компания 1 ақпанда тәуелсіз кәсіподаққа қосылған 20 адамды жұмыстан шығарған. Ақпаратқа қарағанда, олардың 5-10 жылдан астам еңбек өтілі бар. Власть сайтына сұхбат берген жұмысшының айтуынша, әріптестері төмен жалақы, әлеуметтік және еңбек мәселесін шешуді талап ету үшін тәуелсіз кәсіподаққа қосылған.

"Власть" сайтында жазуынша, 11 ақпанда ереуілге "Мобил Сервис Групп" компаниясының директоры барған. Ол жұмыстан босатылған азаматтар қайта алынбайтынын айтып, ереуілшілерден жұмысқа оралуды талап еткен. Бірақ жұмысшылар ереуілді жалғастыратынын айтқан.

"Қудаланған жұмысшы-бауырларымызды жұмысқа қайта қосуды талап етеміз. Оларды жұмысқа қоспайынша ереуілді тоқтатпаймыз. Қатаң түрде ескертеміз!" деді жұмысшылар видеоүндеуінде.

  • Қазақстанның батысында өндірістік және мұнай компанияларында жұмыс істейтіндер жұмыс жағдайын жақсартуды, жалақы өсіруді талап етіп жиі ереуілге шығады. Жергілікті соттар көп жағдайды мұндай ереуілдердің заңсыз деп таниды. Ал компаниялар ереуілдеткендерді жұмыстан шығаратынын жиі айтады.
  • Бұған қоса, мұнай компанияларының жұмысшылары жұмыс жағдайы мен жалақы мәселесін тәуелсіз кәсіподақ құру арқылы шешуге тырысады. Бірақ олардың тәуелсіз кәсіподақтары кедергіге ұшырап, лидерлері қудаланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG