Accessibility links

Қарағанды "мектебіне шабуыл жасалатыны" туралы әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратушы жасөспірім ұсталған


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қарағандыда мектепке шабуыл жасалатыны туралы әлеуметтік желіде хабар таратқан 13 жастағы жасөспірім ұсталған. Бұл жөнінде бүгін Қарағанды полициясы хабарлады.

Мұндай хабарлардың скриншоттарын 12 ақпанда, түнде 11 мың жазылушысы бар жергілікті instagram-паблик жариялаған еді. Оның модераторы бірінші кезекте Қарағанды қаласының шетіндегі білім мекемелерінің әкімшіліктеріне қайырылып, "мейлінше мұқият болуға, ғимаратқа бөтен адамды кіргізбеуге шақырған".

Жасөспірім ұстаған полиция оның қай мектепте оқитынын, аты-жөнін жарияламаған. Оқушының ата-анасы да әзірге қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ.

— Әлеуметтік желіде терроризм тақырыбындағы скриншотты көріп, "Очищение Караганды" деп аталатын телеграм тобын ашқан. Содан соң мектепке шабуыл жасалатыны туралы хабар таратқан. Телеграм-арнасындағы топ жойылды. Полиция қызметкерлері бұл іске шетел азаматының қатысы бар деген ақпаратты тексеріп жатыр, — деді Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасының бастығы Сырбаз Батыров.

Полиция хабарына қарағанда, құқық қорғау органы "күдікті оқушының" ата-анасын жауапқа тарту және шұғыл қызмет шығынын өтеу туралы сотқа талап арыз түсірген, тергеу басталған.

Шабуыл туралы белгісіз аккаунттан таралып жатқан хабарларға Қарағанды тұрғындары алаңдаушылық білдіріп, кейбірі 2021 жылы мамыр айында Татарстанның Қазан қаласындағы мектепте болған атыс пен жарылысты еске алған. Бұл оқиғада тоғыз адам қаза тауып, 24 адам жараланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG