Accessibility links

Байден: АҚШ Газада кемі алты аптаға созылатын бітім жоспарын әзірлеп жатыр


АҚШ президенті Джо Байден мен Иордания королі Абдалла II. Архив фотосы
АҚШ президенті Джо Байден мен Иордания королі Абдалла II. Архив фотосы

АҚШ Израиль мен радикалды ХАМАС тобы келісімі аясында Газа секторындағы атысты кемі алты аптаға тоқтату туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде АҚШ президенті Джо Байден Иордания королі ІІ Абдолламен Вашингтонда өткен келіссөзден кейінгі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

ХАМАС қозғалысын АҚШ пен Еуропа одағы террор ұйым деп таниды.

"Палестина мен Израиль халқының қадір-қасиеті, қауіпсіздігі мен бейбітшілік үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз", — деді АҚШ президенті. Байденнің сөзінше, алты апта бітім жасалса, оның кепілдегі Израиль азаматтарын босатуға және Газа секторының халқына гуманитарлық көмек көлемін көбейтуге септігі тиетін болады. Мұндай уақытша бітім аймақта бейбіт өмір орнатуға бағытталған алғашқы қадам болуы да мүмкін,- деді Байден.

Байден Газа секторының Египетпен шекарасындағы Рафах қаласында ұрыс қимылдарынан тығылып отырған бейбіт адамдарды қорғауға шақырды. Халықаралық гуманитарлық ұйымдардың мәліметіне қарағанда, кейінгі аптада Рафах қаласын 1 миллион 300 мыңнан астам палестиналық паналап отыр.

Иордания королі ІІ Абдолла Вашингтондағы баспасөз конференцияда сөйлеген сөзінде "Рафах қаласына шабуылдауға жол беруге болмайды. Шабуыл жасалса гуманитарлық апат болады. Дәл қазір бітім керек. Бұл соғыс тоқтатылуы қажет", — деді.

Иордания мен өзге де араб мемлекеттері Изарильдің әрекетіне сынмен қарайды. Олар былтыр қазан айынан бері, Газа тұрғындарының өлімі көбейгеннен бастап атысты тоқтатуды талап етумен келеді.

Кейінгі кездері Байден әкімшілігі Израильге қатынасын қатайта түскені байқалады. Өткен апатада "ХАМАС шабуылына Тел-Авив шектен тыс реакциясы білдірді" деп мәлімдеген. Вашингтон қарапайым халықтың мүддесі ескерілмейтін болса, Израильдің Рафах қаласына бағытталған әскери операциясын қолдамайтынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG