Қырғызстанның Ош қаласында кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары, іздеуде жүрген Райымбек Матраимовтың отбасына тиесілі үйдің дарбазасына ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) мөр басып кетті.
Қазір арнайы қызмет тергеушісінің қолы қойылған қағаз дарбазада жапсырылып тұр. Бұл туралы Азаттықтың тілшісі оқиға орнынан хабарлады. Үй Ош қаласы Супаналиев көшесінде орналасқан.
Матраимов өзі және оның туыстары бұл бойынша пікір білдірген емес.
Матраимовқа тиесілі деп айтылатын Оштағы JAMBY бизнес орталығы да жақында жабылып, қайта ашылғаны туралы сол жерде жұмыс істейтін адамдар айтқан.
Биыл қаңтар айында Райымбек Матраимовке іздеу жарияланған. Оған "Еркіндігінен заңсыз айыру" бабының "Ұйымдасқан топ және қылмыстық ұйымдар тарабынан адамды күшпен қамау, оның еркіндігін шектеу" бөлігімен айып тағылған.
Өткен аптала арнайы қызмет Райымбек Матраимовтың 34 млн 810 мың 500 долларлық (3 млрд 98 млн 134 мың сом) жылжымайтын мүлкі мемлекет меншігіне алынғанын мәлімдеген.
Былтыр ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиев Райымбек Матраимовты және қайтыс болған қылмыс әлемінің белсендісі Қамчыбек Көлбаевты елді "мафия құрды" деп айыптаған. Қазанда Көлбаев Бішкек орталығындағы мейрамханаға жасалған рейд кезінде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет қызметкерлерінің қолынан қаза болды. Бұл шара ықтимал бандиттерді қудалау бойынша жалпыұлттық операцияның "бастамасы" ретінде аталған.
2021 жылы Райымбек Матраимов жемқорлық бойынша айыптаған. Ол кінәсін мойындап, мемлекетке 2 миллиард сом төлеген.
ПІКІРЛЕР