Accessibility links

Ресейдің Алматыдағы консулдығы маңында үнпарақ таратпақ болған бір адам ұсталды


Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы.
Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы.

17 ақпанда полиция қызметкерлері Ресейдің Алматыдағы консулдығы маңында Путинге өлім тілеген үнпарағы бар әйел адам ұсталды, деп хабарлады "Медиазона" сайты. Оның ұсталғаны жөнінде видеоны Kazleft қозғалысы Instagram парақшасында жариялады.

"Біздің көз алдымызда Путинге өлім тілеген ұнпарағы бар бір қызды ұстады. Үнпарақ тарата бастаған сәттен бастап-ақ оны ұстап, үнпарақтарын умаждап, автозакқа отырғызды. Бәрі қас-қағым сәтте болды" деген Kazleft өкілдері басылымға.

Сенбі күні Алматы полициясы “заңсыз митинг ұйымдастырмақ болды” деген күдікпен Kazleft қозғалысының белсендісі Александра Ушакованы ұстаған. Полиция соты оған 184 600 теңге (50 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салған.

16 ақпанда Алматы, Астана, Қостанай және Павлодарда кей белсенділер Ресей түрмесінде көз жұмған Алексей Навальныйды еске алған.

Жұма күні Ресейдің жазаны орындау федералдық қызметі Кремльдің сыншысы, ресейлік белгілі оппозиционер Алексей Навальный Ямало-Ненецк автономды округіндегі түрмеде көз жұмғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG