Accessibility links

Украина Херсон облысындағы Ресейдің әскери полигонына соққы жасағанын растады


HIMARS жүйесі
HIMARS жүйесі

Украина қарулы күштері ел әскері кеше Херсон облысының Ресей оккупациялап алған бөлігіндегі ресейлік әскерилер жаттығу өткізетін полигонға соққы жасағанын растады.

Украинаның оңтүстікті қорғау күшінің өкілі Наталия Гуменюктің сөзінше, полигонда Ресейдің шабуылдаушы тобы Днепрдің солтүстік жағалауындағы Крынки ауылына шабуыл жасау үшін жаттығу өткізіп жатқан. Гуменюк соққыдан Ресейдің 60 солдаты қаза тапты дейді.

Соғыс кезінде мұндай мәлімдемелерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын. Бұл соққы туралы кеше, 21 ақпанда украиналық соғысты бақылап отырған DeepState жобасы мен ресейлік кремлшіл блогерлер жазған. Бұған қоса, украиналық телеграм-каналдар полигонға шабуыл деп видео да таратты.

Шабуыл америкалық HIMARS жүйесінен жасалуы мүмкін.

Бұл – Украинаның Ресей әскерилерінің полигонына кейінгі екі күнде жасаған екінші соққысы. 20 ақпанда Украина Донецк облысының оккупацияланған аумағындағы әскери полигонға соққы жасағаны айтылған. "Важные истории" сайты бұл соққыдан Ресейдің кемі 68 солдаты қаза тапқанын жазды. Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты ештеңе демеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG