Accessibility links

Салтанат Нүкенованың өлімі: Қуандық Бишімбаев ісі сотқа түсті


Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот залында отыр. 2018 жыл, наурыз
Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сот залында отыр. 2018 жыл, наурыз

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған бұрынғы ұлттық экономка министрі Қуандық Бишімбаев ісі сотқа түсті. Бұл туралы Астана қалалалық сотының ресми сайтында жарияланды.

Күдіктіге Қылмыстық істің "Қинау" және "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша іс қозғалған.

Тағы бір күдікті, бұрынғы министрдің туысы, "Гастроорталық" директорының үстінен "қылмысты жасыру" және "қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша тергеу аяқталған.

31 жастағы Салтанат Нүкенова қатыгездікпен ұрып-соғудан өлгені хабарланған. 11 қарашада күдікті Қуандық Бишімбаев пен "Гастроорталық" директоры қамауға алынлы.

Бишімбаев жемқорлық жасады деген айыппен 2018 жылы наурызда 10 жылға түрмеге кесілген. Кейін бұрынғы президенттің рақымшылығына ілініп, 2019 жылы қазан айында шартты жазамен бостандыққа шыққан.

Бишімбаев Нүкенованың өлімі бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін, немесе өмір бойына қамалуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG