Германия канцлері Олаф Шольц Берлиннің Украинаға "Таурус" қанат зымыранын бермейтінін растады. Германияның жетекші БАҚ-тарының бас редакторларымен кездесуде бұл қаруды беру - жоспарда жоқ екенін атап өткен.
"Таурусты" берген жағдайда Германияның соғысқа араласу қаупі күшейе түседі деген ол "қазір Украинаға оқ-дәрі керек" деді.
Канцлер Украинаға "Таурус" зымыранын орналастыру керек болса, онда Германия әскери қызметкерін де жіберуге тиіс болатынын айтты. Сондықтан бұл мәселені әлі күнге көтеріп жүргендерге таңырқайтынын білдірді.
2000 жылдардың ортасында пайда болған "Таурус" зымыраны Германия қарулы күштеріндегі тұрған соңғы үлгідегі қарудың бірі. "Таурус" 500 шақырым қашықтағы нысананы дәл көздеп, бункерді бұзып өте алады.
Қаңтар айында Бундестаг оппозициялық фракцияның Украинаға "Таурус" беру жөніндегі бастамасын көпшілік дауыспен қайтарған.
ПІКІРЛЕР