Accessibility links

Столтенберг: НАТО Украинаға әскерін жібермейді


НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Associated Press агенттігіне берген сұхбатында әскери одақта Украинаға әскер жіберу жоспары жоғын мәлімдеді. Бұған дейін бірқатар Батыс елдері әскери бөлімдерін Украинаға жіберу мәселесін қарайтыны жөнінде хабар тараған.

Столтенбергтің айтуынша, НАТО елдері қазір Украинаға теңдессіз қолдау көрсетіп отыр.

26 ақпанда Еуропа және АҚШ, Канаданың шамамен 20 өкілі Киевке көмекті ұлғайту мәселесін талқылаған. Сол кезде Словакия премьер-министрі Роберт Фицо кей елдер Украинаға әскери контингентін жіберу бойынша екіжақты келісім жасау мәселесін қарап жатқанын айтқан.

Чехия премьер-министрі Петр Фиала Парижге сапары алдында түсініктеме беруден бас тартты. Ол алдағы уақытта бұл мәселе талқыланатынын, алайда "Чехия Украинаға әскерін жіберуге ыңғай білдіріп отырған жоқ" деді.

Франция президенті Эммануэль Макрон 26 ақпанда Ресейдің Украинаға басқыншылығы жалғасып келе жатқанына үш жыл болды, сондықтан болашақта бұл мәселе мүлде қаралмайды деуге келмейді деді.

Ал Ресей президентің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "егер Еуроодақ пен НАТО әскерін жіберуге оқталса, онда әскери блокпен қақтығыстан қашып құтылу мүмкін емес" деді.

XS
SM
MD
LG