Accessibility links

БАҚ Ресей әскері шоғырланған орын атқыланғанын хабарлады. Ондаған адам қаза болуы мүмкін


Украинаның қарулы күштері Донецк облысының Еленовка ауылында Ресей әскері шоғырланған орынды дүркіндете ататын реактивті HIMARS жүйесімен атқылады. Бұл жөнінде соғыс туралы жазатын украин және ресейлік телеграм-арналары 28 ақпанда хабарлады.

Атқылау жөнінде Украина Жоғарғы радасының бұрынғы депутаты, 2014 жылдан бері Донбастағы сепаратистерді қолдап келе жатқан Олег Царев та жазды.

"Жауды қуантпас үшін жай-жапсарын айтпаймын" деді ол. Түрлі дереккөздерде ондаған ресейлік әскери қызметкердің қаза болғаны және жараланғаны айтылады.

Ақпарат құралдарының жазуынша, осымен бір аптада осыған ұқсас үш оқиға болып отыр. 21 ақпанда Украина әскері Донецк түбіндегі Волноваха полигонындағы Ресей әскерін HIMARS-бен атқылаған. BBC-дің Орыс қызметінің жазуынша, телеграм-арналарда атқылаудан кейінгі видеолар жарияланған.

Ертесінде Украинаның қарулы күштері Херсон облысында Ресей күштері шоғырланған орынға соққы жасады. Екі жағдайда да 60-қа дейін адам қаза болған болуы мүмкін.

Украина әскері де, Ресей қорғаныс министрлігі де оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG