Accessibility links

Белсенді Абзал Достияров 20 тәулікке қамалды


Абзал Достияров
Абзал Достияров

Белсенді Абзал Достияров "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" (Әкімшілік кодекстің 488-бабы, 11-бөлімі) деген айыппен 20 тәулікке қамалды. Ол қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сотынан ақпарат таратқан.

Абзал Достияров Алматының әкімшілік соты шығарған шешімге келіспейді, ол "сотқа хабар таратуға барғанын, ешқандай жиынға қатыспағанын" айтты.

"Соттан кейін Абзалды полиция қызметкерлері 7 қалалық аурухагаға апарды. Ол жерде де біраз шу болды. Дәрігер тексерді. Абзал басынан қатты соққы алғанын растады. Ем керек. Қызым әкесін жібергісі келмей жылап қалды" деп жазды белсендінің әйелі Дана Сәрсенбай сенбіге қараған түні Facebook-та.

Sud.kz сайтында әзірге сот шешімі жарияланбады.

Бір күн бұрын полиция Абзал Достияровты балабақшаға қызын апарған кезде күштеп ұстап, бөлімшеге жеткізгені хабарланған еді. Дана Сәрсенбайдың айтуынша, күйеуі ұстау кезінде соққыға жығылған.

Белсендінің қорғаушысы оны "ұстау кезінде полиция күш көрсетіп, заң бұзды" деп прокуратураға арыз тапсырды.

Полиция оның ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG