Accessibility links

Венгрия парламентінің спикері Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдады


Венгрия парламентінің спикері Ласло Ковер
Венгрия парламентінің спикері Ласло Ковер

Венгрия парламентінің спикері Ласло Ковер Швецияның НАТО-ға қосылуын ратификациялады, деп жазды Reuters. Бес күн ішінде өтінішке президент Тамаш Шуйок қол қоюға тиіс.

Венгрия парламенті Швецияның әскери одаққа қосылу туралы өтінішін 26 ақпанда мақұлдаған. Венгрия – тиісті құжатқа қол қойған НАТО-ға мүше соңғы мемлекет.

Швеция НАТО-ға қосылуға өтінішті 2022 жылдың 18 мамырында Финляндиямен қатар берген. Стокгольм және Хельсинки Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бейтараптықтан бас тартатынын мәлімдеген.

Финляндия әскери одаққа 2023 жылдың 4 сәуірінде қосылған. Ал Швецияның НАТО-ға қосылуына Түркия мен Венгрия ұзақ уақыт қарсы болып келді. Анкара Стокгольмнен Күрдістанның жұмысшылар партиясын террористік ұйым деп танып, оның өкілдерін тапсыруды талап еткен. Ал Будапешт Швеция жергілікті оппозицияны қолдайтынын және Венгрия үкіметіне қысым жасап отырғанын айтқан.

2023 жылы қарашада Швеция Конституцияға терроризммен күресті қатайтуды қарастыратын түзету енгізіп, бірнеше күрд белсендісін Анкараға берген. Қаңтарда Түркия өтінішті мақұлдады.

Будапешт Швецияның өтінішін Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мен швед премьері Ульф Кристерссонмен кездескеннен кейін мақұлдады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG