АҚШ-та республикашылар атынан президент сайлауына түсуге талпынып көрген Никки Хейли сайлау науқанын аяқтайтынын мәлімдеді.
Оңтүстік Каролина штатының бұрынғы губернаторы және АҚШ-тың БҰҰ-дағы ресми өкілі болған Хейли 77 жастағы Дональд Трамппен бірге республикашылар атынан президенттікке кандидат болуға талпынып көрген.
Бірақ кеше, 5 наурызда болған "супер сейсенбідегі" праймеризде Хейли 15 штаттың біреуінде ғана (Вермонт штаты) жеңіске жетті. Ал қалған 14 штатта экс-президент Дональд Трамп басым түсті. Хейли сайлауға түсуден бас тартатынын мәлімдегенімен, Трампқа қолдау білдірген жоқ.
5 наурыздағы "супер сәрсенбіде" демократтар атынан 81 жастағы Джо Байден 14 штаттағы праймеризде басым болды. Тек Америкалық Самоа ғана Байденге дауыс бермеді.
Сонымен қарашада болатын сайлауда республикашылар атынан Дональд Трамп, демократтар атынан Джо Байден кандидат болуға жақын. "Сайлауда кім фаворит?" деген сауалға әзірге нақты болжам жоқ. Сарапшылар Джо Байденнің жасы келіп қалғанын, ал Дональд Трамптың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтып, нақты болжам жасауға асықпайды.
ПІКІРЛЕР