Accessibility links

NBC: республикашылдар Украинаға көмекті қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр


АҚШ өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон және бірқатар комитет өкілдері Украинаға көмекті қарастыратын заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген NBC News хабарлады.

Заң жобасы авторларының пікірінше, құжатты "Украинаны әрі қарай қаржыландыруға қарсы консерваторларды шет қақпай" конгрестен өткізуге болады. NBC телеарнасының мәлімдеуінше, жоспар ең алғашқы кезеңдердің бірінде және оның толық жүзеге асуы үшін әлі көп уақыт керек.

Ұсыныс аясында әскери емес көмекті несие ретінде беру мәселесі қарастырылып жатыр. Санкцияның нәтижесінде бұғатталған Ресей активтері Украинаға несие беру кезінде кепілдік ретінде пайдаланылуы мүмкін.

NBC-дің жазуынша, бұл ұсыныс АҚШ өкілдер палатасындағы миллиардтаған қаржылай көмекті Украинаға бөлуді сынаған консерваторлар арасындағы алаңдаушылықты басуға бағытталған.

АҚШ өкілдер палатасындағы сыртқы істер жөніндегі комитет төрағасы Майкл Маккол бұл ұсыныс Ресейге Украинаны қалпына келтіру бойынша жауапкершілікті жүктеуге жол ашады.

  • АҚШ конгресінде Украинаға қаржылай көмек беруді қарастыратын заң жобасы 2023 жылдың қазанынан бері талқыланып келеді.
XS
SM
MD
LG