Accessibility links

Шымкентте құқық қорғаушы Жаңабек Әбішевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды


Шымкенттік құқық қорғаушы Жаңабек Әбішев
Шымкенттік құқық қорғаушы Жаңабек Әбішев

Шымкенттік құқық қорғаушы, "Жемқорлыққа қарсы халықтық комитет" қоғамдық қоры жетекшісінің міндетін атқарушы Жаңабек Әбішев "алаяқтық жасады" деген күдікке ілінді. Полиция тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Ал Жаңабек Әбішев істі Алтынтөбе ауылы тұрғындары даулаған жер мәселесіне араласқанымен байланыстырады. Айтуынша, 9 мыңнан астам тұрғын 17 мыңға жуық жерін даулағанына он жылдан асқан. Тұрғындар өз ішінен сайлаған оннан аса адам құқық қорғаушыға сенімхат беріп, іске араласуын сұраған. Жер дауына байланысты құжаттарды жинап, Астанадағы ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынған соң үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарлаған.

Әбішевтің үстінен шағым түсіріп, жәбірленуші деп танылған тоғыз адам да Алтынтөбе ауылының жер даулаған тұрғындары.

Шағымданушылар "Әбішев мәселемізді шешеміз деп ақша алып, алдап кетті" дейді.

Ал Әбішев "қылмыстық іс қоғамдық жұмысыммен тікелей байланысты, мен адамдардың құқығын қорғағаным үшін олардан алдын ала ақша алмаймын" дейді.

"Әрқайсымыз 230 мың теңгеден ақша беріп, алдандық" деген тұрғындар алдымен азаматтық тәртіппен сотқа шағымданған. Бірақ сотта Әбішевке ақша бергендерін дәлелдей алмаған соң арызды қайтарып алған. Биыл 5 ақпанда қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты олардың "ақша өндіру" туралы талабын қараусыз қалдырған. Әбішев сот істі қараусыз қалдыру туралы ұйғарымына қарсы шығып, арызды мүлде қанағаттандырмауды сұрап апелляциялық шағым түсірген.

5 ақпандағы сот ұйғарымынан соң Алтынтөбе тұрғындары қайта полицияға шағымданып, сол шағым бойынша енді "Алаяқтық" бабымен қылмыстық іс тіркелді. Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Әбішевтің үстінен тергеу амалдары басталғанын растады.

Әбішев – Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы жетекшісі, бас бостандығы шектелген Лариса Харькованың, Шымкенттегі №38 мектептің мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көргенін" айтқан Гүлжан Сәлімбаеваның құқығын қорғаған құқық қорғаушылардың бірі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG