Accessibility links

Ресей Белгород пен Курск облысында "украиналық диверсанттармен атыс жүріп жатқанын" айтады


Ресейдің Украинамен шекарадағы Белгород қаласы жиі шабуылға ұшырайды.
Ресейдің Украинамен шекарадағы Белгород қаласы жиі шабуылға ұшырайды.

Курск облысы Теткино ауылы мен Белгород облысындағы Сподарюшино ауылы аймағында "диверсиялық-барлау топтарымен" қақтығыс болып жатқаны айтылды. Бұл туралы Ресей билігі мен ресейлік телеграм-каналдар хабарлады.

Росгвардия мәліметінше, Ресей қарулы күштері мен ФСБ шекара басқармасының қызметкерлері бірігіп, Теткино ауылында "шайқас жүргізіп жатыр".

Курск облысы губернаторы Роман Старовойт "диверсанттар Ресей аумағына кіруге қайта-қайта талпынып жатыр, бірақ Ресей қарулы күштері мен ФСБ шекара қызметі диверсанттарды елге кіргізбеді және кіргізбейді де" деді.

Белгород мэриясы Грайворо қаласында атыс болып жатқанын айтып, тұрғындарды қауіпсіз жерге тығылуға шақырды. Төтенше жағдай басқармасы Грайворо қаласының аумағындағы Сподарюшино ауылына шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Кремльшіл әскери тілші Александр Коц Сподарюшино шекара постында шабуылға тойтарыс беру жүріп жатқанын жазды.

"Қарсылас 50 метрден біздікілерді гранатамен атқылап жатыр. Танкілер, Bradley құрыш сауытты техникасы, авиация, ракетаны дүркіндетіп ату құрылғысын да әкеп жатыр. Великая Писаревкақа қрсы жатқан Козинки елдімекеніне құрыш сауытты техника өтуге тырысып жатыр" деді ол.

Shot телеграм-каналы дереккөзіне сілтеме жасап, Белгород облысы шекарасына шабуылды тойтару кезінде "украиналық 12 диверсант пен екі Bradley машинасы жойылды" деп жазды.

Ресей қорғаныс министрлігі "әскерилер Украина қарулы күштерінің Сподарюшино ауданына өту талпынысын тағы тойтарды" деп мәлімдеді.

Украина тарабында соғысып жүрген "Русский добровольческий корпус" (РДК) Белгород және Курск облысы тұрғындарына қайырылып, "біз әскери объектілер мен шекаралық аймақтарды атқылауға мәжбүрміщ, Тез арада эвакуация жасаңыздар" деп хабарлады.

РДК Белгородты атқылау кезінде көлікте отырған әскери Дмитрий Голышкин қаза тапқанын айтты. Губернатор Вячеслав Гладков көлікте отырған бір адам қаза болғанын хабарлады. Shot телеграм-каналы "қаза тапқан адам – салық қызметінде жұмыс істейтін 48 жастағы Валерий Б." деп жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG