"Нағыз Атажұрт" мүшелері айыппұл көбейгенін айтады
Қазақстанда тіркелмеген "Нағыз Атажұрт" ұйымы әкімшілік жауапқа тартылған мүшелерінің көбейіп бара жатқанына алаңдайды. Олардың бірін "тіркелмеген ұйымның жұмысына араласты" деп соттаса, кейбіріне "тіркелмеген ұйымды қаржыландырды" деп айыппұл салады.