Accessibility links

"Крокус сити холға" шабуыл жасады деген күдіктінің әкесі: Ұлым таяуда елге ораламын деген


Далержон Мирзоев және оның әкесі Баротали Мирзоев (сол жақта)
Далержон Мирзоев және оның әкесі Баротали Мирзоев (сол жақта)

22 наурызда "Крокус сити холлдағы" шабуылдан кейін қамауға алынған Далержон Мирзоевтың туыстары терактіден екі күн бұрын Далержон таяуда Тәжікстанға ораламын деп айтқанын жеткізді.

Душанбе шетіндегі Рудаки ауданының тұрғыны, 32 жастағы Далержон Мирзоев Мәскеу облысы Красногорск қаласында 143 адам қайтыс болып, ондаған адам жарақат алған терактіге күдікті төрт адамның бірі. Оның Брянск облысында ұсталғаны хабарланған.

Далержонның әкесі Баротали Мирзоев 28 наурызда Озоди радиосына берген сұқбатында ұлының Ресейге былтыр қазан айында кетіп, ол жақта жүргізуші болып істегенін айтты.

Әкесінің айтуынша, Далержон анасымен соңғы рет 20 наурызда сөйлескен.

"Ол 20 наурызда анасымен сөйлескенде кезде, жағдайы нашар екенін, 24 наурызда үйіне оралатынын жеткізген. Оның жүріп-тұруынан күдікті ештеңе байқамадық", - деді әкесі.

Далержон Мирзоев төрт баланың әкесі, олардың екеуі егіз.

Тәжікстан билігі Далержон Мирзоевтың туыстарын тергеуге алып кеткен. 27 наурызда әке-шешесін босатқан. Қалғандары қамауда қалған.

Озоди радиосы Далержонның ағасы Равшанжон Мирзоевтың іздеуде екенін анықтады. Оның төрт жыл бұрын Сирия және Ирак аймақтарында қайтыс болғаны хабарланған.

Көршілері Далержонды дінге берілмеген, қарапайым адам ретінде біледі. Равшанжон ДАИШ террорлық тобына қосылып кеткеннен кейін, олардың отбасы, туыстары құқық қорғау органдарының бақылауында болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG