Accessibility links

Қазақстанның он облысын су басты. Дайындық "шартты түрде" болғанын премьер де мойындады

Су басқан өңірлерде ахуал қиын
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Су басқан өңірлерде ахуал қиын. 28 наурыз, 2024 жыл.

Тасыған су бірнеше бас жылқы мен сиырды жаңқадай ағызып әкетіп барады. Екпіні тракторды қайықтай қалқытады. Ал үйінің бел ортасына дейін су басып, қара жолдан күдер үзіп, кеш батқанша шатырда тұрып көмек күткен адамдар әуедегі тікұшаққа жанұшыра қол созады. Бұл – бірнеше елді мекенін қарғын су алған Қостанай облысындағы ахуал. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, дәл осы облыста жағдай өте күрделі. Жалпы қазір елдің 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланған.

"Бір үйді су алса да үлкен қайғы, ал қазір жарты миллион адамның өмірі қыл үстінде тұр" деді мәжіліс депутаты Сергей Пономарев 27 наурызда үкімет мүшелеріне су тасқынына байланысты жолдаған депутаттық сауалында. Ол үкімет пен әкімдіктерді көктемгі табиғи апатқа дайын емес деп сынады.

Ал агросарапшы Кирилл Павлов "Қазақстанда су тапшы дегенді айғай салып айтамыз, бірақ көктемде топан судан зардап шегеміз. Яғни суды басқаруды, сақтауды үйрене алмай келеміз", – деді Азаттық тілшісіне.

Қарғын су елдің көп бөлігіндегі жұртқа материалдық шығын келтіріп жатыр. Тасқын неге жыл сайын қайталанады? Билік өткен жылдардан сабақ алды ма? Үкімет апаттың алдын алып, шығынды азайту үшін барлық шараны уақтылы қолданып жатыр ма?

Қоянды халқы қарғын судан қалай құтыларын білмей дал
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:52 0:00

ОН ОБЛЫСТЫ СУ БАСТЫ, ҮШ АДАМ ЖОҒАЛДЫ

Қазақстан үкіметінің 28 наурыз түске дейінгі мәліметі бойынша, әр аймақта 100-ден астам тасқын тіркеліп, 297 үй су астында қалды. 18 жолды су шайып, екі көпір бұзылды. Әзірге аймақтарда келтірілген материалдық шығынның мөлшері айтылған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Павлодар және Абай облыстарына қауіп төніп тұрғанын хабарлады.

27 наурыздағы мәліметке сүйенсек, 1431 адам эвакуацияланған, оның 312-сі – бала. Кейбір аумақта тұрғындар қауіпсіз жерге тікұшақпен жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Жаңақала, Екідің, Ақкісі, Қызылжұлдыз ауылдары және тоғыз қыстақтың тұрғындары Арқалық қаласының эвакуация пунктеріне жеткізілді деп мәлімдеді.

Алайда Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты 20 мыңнан аса адам тұратын Қоянды ауылының кейбір тұрғыны жергілікті биліктің тасқын салдарын жою жұмыстарына риза емес екенін білдірді. Халық әкімдік қыстай жауған қар уақытылы шығармады, су арнасын бұруға техника жеткіліксіз дегенді айтады. Ал ауыл әкімдігі сынға келіспей, қар шығарылған дейді. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Азаттық тілшісіне үйлерге кірген суды сорып шығарғанмен, кәріз құбыры жоқ екенін, ауылды судан тазартуға бір апта керегін айтты.

Ақтөбе қаласын кесіп өтетін Сазды өзені арнасынан шығып, көшеге су жайылды. 28 наурыз, 2024 жыл.
Ақтөбе қаласын кесіп өтетін Сазды өзені арнасынан шығып, көшеге су жайылды. 28 наурыз, 2024 жыл.

Тасқын қатты болып жатқан тағы бір аймақ – Ақтөбе облысының Қобда ауылында еріген қар суын сору және азаматтарды эвакуациялау жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Сонымен бірге басқа да өңірлерде құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен әскери адамдар жұмылдырылған.

Өңір-өңірде су деңгейі көтеріліп жатқан тұста Абай облысында үш адам жоғалып кеткені мәлім болды. 26 наурызда Аягөз ауданы Қарағаш ауылының екі тұрғыны Борлы өзенінен трактормен өтіп бара жатқан кезде суға батып, із-түссіз кеткен. Шаруа қожалығынан ауылға бара жатқан олар көктемде деңгейі көтерілген өзеннен өтпекші болған. Құтқарушылар жоғалған адамдарды іздестіріп жатыр. Бірақ ресми органдар бұл оқиғаны тасқынмен байланыстырмайды.

Осы ауданда 23 наурыздан бері тағы бір ер адам іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол Аягөз өзенінен өтпек болған кезде аттан жығылып, суға батып кеткен.

Көктемгі қарғын су төтенше жағдай жариялауға мәжбүр етті

Қарғын су басқан үйдің ауласында тұрған адамдар. Астананың іргесіндегі Қоянды ауылында тұрғындардың тасқын сумен алысып жатқанына бірнеше күн болды. 27 наурыз, 2024 жыл.

Тасқын салдарын жоюда биліктің шарасыздығына наразы болған тұрғындар көшеге шығып, жолды жапты. Билік алты адамға "заңсыз митингіге қатысқаны" үшін айыппұл салды.

1/15

Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.

Қоянды ауылының тұрғыны Аягөз Түгелованың үйінің ауласына кірген қарғын суды шығарып жатқан адам. 27 наурыз, 2024 жыл.

2/15

Су басқан Қоянды көшесінде ағашқа сүйеніп өтіп бара жатқан адам. 27 наурыз, 2024 жыл.

3/15

Төтенше жағдай қызметінің өртке қарсы көліктері Қоянды ауылында жайылған суды сорып жатыр. Қоянды ауылы, 27 наурыз, 2024 жыл.

4/15

Шапағат көшесі бойындағы үйлердің тұрғындары қарғын суды соруға өз құрылғыларын қоса пайдаланып, әкімдік қондырғысына бензинді де өздері құйып жатыр. 27 наурыз, 2024 жыл.

5/15

Үйінің ауласын су басқан көпбалалы ана Алтыннұр Дүрімхан үйіне кіре алмай тұр. Қоянды ауылы, 27 наурыз, 2024 жыл.

6/15

Қоянды тұрғыны Алтыннұр Дүрімхан. Қоянды, 27 наурыз, 2024 жыл.

7/15

28 наурызда Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мұның алдында өңір басшылары шұғыл жиын өткізіп, Елек пен Қарғалы өзені жағалауындағы 906 отбасын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдаған. Ақтөбе, 27 наурыз, 2024 жыл.

8/15

"Елек пен Қарғалы өзендерінің жағалауындағы бау-бақша ұжымдарында 906 отбасы бар" деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Ақтөбе, 27 наурыз, 2024 жыл.
9/15 "Елек пен Қарғалы өзендерінің жағалауындағы бау-бақша ұжымдарында 906 отбасы бар" деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Ақтөбе, 27 наурыз, 2024 жыл.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
"Ақтөбе су қоймасына бір тәулікте 150 млн текше метрден астам су құйылған. Су қоймасы мұндай көп мөлшердегі суды сиғыза алмайды. Қалаға қауіп төніп тұр. Сол себепті Ақтөбе су қоймасына жиналған суды Елек өзеніне жіберу туралы шешім қабылданды" деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.
10/15 "Ақтөбе су қоймасына бір тәулікте 150 млн текше метрден астам су құйылған. Су қоймасы мұндай көп мөлшердегі суды сиғыза алмайды. Қалаға қауіп төніп тұр. Сол себепті Ақтөбе су қоймасына жиналған суды Елек өзеніне жіберу туралы шешім қабылданды" деді Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті Елек пен Қарғалы өзендері жағалауындағы тұрғындарды жұмаға қараған түні эвакуациялай бастады.Оларды қауіпсіз жерге көшіру үшін 80 автобус жіберілген. Қала әкімдігі Ақтөбедегі 18 мектепте эвакуация орталығы әзірленгенін хабарлады.
11/15 Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті Елек пен Қарғалы өзендері жағалауындағы тұрғындарды жұмаға қараған түні эвакуациялай бастады.Оларды қауіпсіз жерге көшіру үшін 80 автобус жіберілген. Қала әкімдігі Ақтөбедегі 18 мектепте эвакуация орталығы әзірленгенін хабарлады.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың ұшу алаңын да қарғын су басты. 27 наурыз, 2024 жыл.
12/15 Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы әуежайдың ұшу алаңын да қарғын су басты. 27 наурыз, 2024 жыл.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
Тасқын басталғаннан кейінгі екі күнде Ақтөбе қаласындағы 73 үйді су басқан. Суда қалған үйлерден 155 тұрғын эвакуацияланған. Ақтөбе облысындағы 12 ауданның Қарғалыдан өзгесі түгел қарғын судан зардап шеккен. Әсіресе Қобда ауданындағы ахуал қиын: жүзден астам үй мен ондаған ғимарат су астында қалып қойды.
13/15 Тасқын басталғаннан кейінгі екі күнде Ақтөбе қаласындағы 73 үйді су басқан. Суда қалған үйлерден 155 тұрғын эвакуацияланған. Ақтөбе облысындағы 12 ауданның Қарғалыдан өзгесі түгел қарғын судан зардап шеккен. Әсіресе Қобда ауданындағы ахуал қиын: жүзден астам үй мен ондаған ғимарат су астында қалып қойды.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
Өңірлердегі құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен әскери адамдар жұмылдырылған.
14/15 Өңірлердегі құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен әскери адамдар жұмылдырылған.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі тасқын сияқты төтенше жағдайларға "тек қағаз жүзінде дайын болған болып шығамыз" деп мойындаған 20 ақпандағы үкімет отырысында. Қазақстанның батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі елдімекендерді жыл сайын дерлік көктемде қар ерігенде су басады.
15/15 Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі тасқын сияқты төтенше жағдайларға "тек қағаз жүзінде дайын болған болып шығамыз" деп мойындаған 20 ақпандағы үкімет отырысында. Қазақстанның батыс, шығыс және орталық өңірлеріндегі елдімекендерді жыл сайын дерлік көктемде қар ерігенде су басады.
Қазақстанның 10 облысында су тасып, қауіп төндіріп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысында жағдай өте күрделі дейді. Кейбір аймақта төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындар жылда қайталанатын табиғи құбылысқа дайындық жасамады деп билікті сөкті. Үкімет жетекшісі дайындық "шартты түрде" болғанын мойындады.
Previous slide
Next slide

"БІЗ СУДЫҢ ҚАДІРІН БІЛГЕН ЕМЕСПІЗ"

Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің айтуынша, биыл қыста қар мол түсіп, кей аймақта қалыңдығы екі метрге жетті, яғни тасқын болатыны анық еді, бірақ үкімет пен әкімдіктер апаттың алдын алуға дайын болмады. Депутат өңірлердегі гидротехникалық құрылыстар тозған және қараусыз қалған дейді.

"Тап қазір 217 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Онда 86 мыңнан аса үй бар. Бір үйді су алса да үлкен қайғы, ал қазір жарты миллион адамның тағдыры қыл үстінде тұр. Мына жағдай жүйелі дайындық жоқтығынан болып жатыр. Гидротехникалық құрылыстар әрдайым жарамды болуы керек. Алайда, төтенше жағдайлар министрлігінің ақпандағы дерегі бойынша, елде 537 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет, оның 8-і иесіз. 200-ден астам бөгеттің құжаты жоқ және олардың техникалық қауіпсіздік деңгейі қандай екені беймәлім. Су қорғау аймағында заңсыз құрылыстар салынғаны да әлі күнге өзекті мәселе", – деді мәжіліс депутаты 27 наурызда үкімет мүшелеріне су тасқынына байланысты жолдаған депутаттық сауалында.

Қарғын су жайылмасын деп жолын бөгеп жатқан адамдар. Батыс Қазақстан облысы, 28 наурыз, 2024 жыл.
Қарғын су жайылмасын деп жолын бөгеп жатқан адамдар. Батыс Қазақстан облысы, 28 наурыз, 2024 жыл.

Агросарапшы Кирилл Павлов үкімет көктемде тасыған суды басқару, сақтау және ауыл шаруашылығына пайдалануды үйренуі керек дейді. Оның сөзінше, шетелдерде мұндай тәжірибе бар. Ал Қазақстанда "маман да, мүмкіндік те жеткілікті, тек ниет керек" дейді сарапшы.

– Мәселені баяғыда-ақ жолға қоюға болатын еді. Көптеген әдіс-тәсіл бар. Басқа мемлекеттер іске асырып жатыр ғой. Су айдынының жанындағы үлкен елді мекендердің қауіпсіздігін нығайтып, жағалауды биіктету, кеңейту және уақытша су қоймаларын жасау керек. Ең өкініштісі, біз Қазақстанда су жоқ деп қатты-қатты айтамыз. Сөйте тұра көктемде топан судан зардап шегеміз. Су тапшылығы бар елдер жаңбырдың әр тамшысын жинайды, қарды жинайды. Шынымен суға мұқтаж елдер сөйтеді. Ал біздің солтүстік өңірлерде су өзенмен ағып басқа елге өтеді. Мысалы, Ертіс арқылы жылына 23-25 млрд текше метр су сыртқа шығады. Ал бұл тым ауқымды ауылшаруашылық жерлерін суаруға жетеді. Оны ақылмен қолдануға болады. Жинап, сақтап, содан кейін кәдеге жарату керек. Ал біз ағызып жібере саламыз. Суды бағалауды үйренбедік. Судың қадірін білмейміз. Қазіргі жағдай көбіне ақымақтығымыздың кесірінен болып жатыр, – деді Кирилл Павлов.

Оның айтуынша, жыл сайын тасқыннан соң миллиардтаған қаражат бөлінсе де, бұл алдағы жылдарды қамтамасыз етуге жұмсалмай келеді. "Тек сол кездегі салдарын жоюға кетеді".

– Төтенше жағдай кезінде тендерлер бәсекесіз, бір көзден беріледі. Мұндайда заң талаптары сақталмайды. Ал мұндай жағдай өңірлерде оқиғаның салдарын жою үшін деген желеумен мол қаржыны игеруге таптырмас мүмкіндік, – деді Кирилл Павлов Азаттыққа.

"КӨКТЕМГЕ ДАЙЫНДЫҚ ШАРТТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ"

Ал Қазақстан үкіметі бұған дейін аймақтардағы су қоймаларының жағдайы тексерілгенін, мамандар сең жүрмеуі үшін өзендердегі мұзды жарғанын хабарлаған. Жергілікті әкімдіктер қыстайғы қар елді мекендерден тыс аумаққа шығарылғанын айтады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов зардап шеккендер мемлекет назарынан тыс қалмайды дейді.

"Өздеріңіз көріп отырғандай, еліміздің бірқатар өңірінде су деңгейі көтеріліп, тасқын болды. Барлық күш жұмылдырылды. Республикалық және өңірлік жедел штабтар күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қазір төтенше жағдайлар, ішкі істер, қорғаныс министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы күштері мен құралдары – барлығы 4 мыңға жуық адам, 1,3 мыңнан астам техника су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылды. Жол қатынасы қиын жерлерде адамдар тікұшақпен эвакуацияланып жатыр. Мұндай жұмыстар қауіп толық сейілгенше жалғасады. Жағдай қатаң бақылауға алынды. Зардап шеккендерге үкімет пен әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі", – деді 28 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында іссапармен жүрген премьер-министр Олжас Бектенов.

Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі тасқынғы "тек қағаз жүзінде дайын болған болып шығамыз" деп мойындаған 20 ақпандағы үкімет отырысында.
Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі тасқынғы "тек қағаз жүзінде дайын болған болып шығамыз" деп мойындаған 20 ақпандағы үкімет отырысында.

Дегенмен Бектеновтің өзі де мемлекеттік органдардың жыл сайынғы су тасқынының алдын алу жұмыстары жеткіліксіз болып жатқанын мойындады.

"Министрлік (төтенше жағдайлар министрлігі – ред.) жыл сайын "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтайды. Барлық өңір толық дайын екенін баяндайды, алайда адамдар зардап шегіп, ғимараттар мен инфрақұрылымды су алып жатады. Демек жаттығулар шартты түрде өткізіледі, тек қағаз жүзінде дайын болған болып шығамыз. Бізге тиімді шаралар қажет" деген Олжас Бектенов 20 ақпандағы үкімет отырысында.

Былтыр көктемде де бірнеше өңір су тасқынымен әуре болған. Нақтырақ айтқанда, Абай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан және Павлодар облыстарында 163 тұрғын үй мен үш ғимаратты су басқан.

2022 жылы да Қазақстанда 200-ден астам елді мекен қауіпті аймақта қалған. Ол кезде су тасқынына қардың уақытылы шығарылмауы, арықтардың тазаланбауы мәселенің себебі ретінде айтылған.

Ал биыл барлық облыста дерлік қауіп бар. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан мен оңтүстіктегі облыстар тасқыннан аман. Алайда мамандар бұл өңірлерде де қауіп барын айтады. Солтүстікте қарғын су күш алуы мүмкін болса, оңтүстік облыстарда жауын-шашын көбейіп, өзендер арнасынан асады деген қауіп бар.

Айдар
XS
SM
MD
LG