Accessibility links

Ресей мен Украина мәйіт алмасты


Ресей мен Украина әскери қызметкерлерінің мәйіттерімен алмасты. Ресей жағына 29 мәйіт берілсе, Украина 121 мәйітті қайтарды.

Украина штабының хабарлауынша, мәйіттерді қайтару процесіне халықаралық Қызыл Крест ұйымы, Украина ішкі істер министрлігі, Украинаның қауіпсіздік қызметі және өзге құрылымдар көмектескен. Штабтың хабарлауынша, 107 мәйіт Донецк бағытынан, 12 мәйіт – Луганск, екі мәйіт Запорожье жақтан әкелінген.

Соңғы рет тараптар 15 наурызда мәйіт алмасқан. Ол кезде Украина Ресейге – 69, Ресей Украинаға 100 мәйіт тапсырған.

Наурыз айында Ресейдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова украин тұтқындарының мәйітіне жасалған сараптама аяқталғанын хабарлаған. Мәскеудің пікірінше, олар қаңтар соңында Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза болған. Москалькова Украина мәйіттерді қабылдауға дайын екенін айтқан, алайда мәйіт тапсырылғаны-тапсырылмағаны ресми түрде хабарланбады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG