Accessibility links

Украинадағы соғыста кемінде 50 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкер қаза болған


Ресей Украинаға басып кіргелі бері кемінде 50 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкер қаза болды. BBC және "Медиазона" ашық дереккөздер арқылы олардың аты-жөндерін анықтады. Жобаға еріктілер де көмектескен.

Жоба авторларының айтуынша, тізім ресейлік шенеуніктер, ақпарат құралдары, марқұмдардың туыстары айтқан дерек немесе мемориалдар мен зираттарда тіркелген мәліметке сүйеніп отырып түзілген. Шын мәнінде қаза болғандар екі есе көп болуы ықтимал.

Қазіргі кезде аты-жөні анықталған қаза болған солдаттардың 18 пайызы – тұтқындар, 13 пайызы – ерікті түрде соғысқа барғандар, 12 пайызы – мобилизацияға ұшырағандар. Қалғандары бойынша мәлімет жоқ.

Зерттеушілер әскери борышын өтеген 101 адамның аты-жөнін анықтай алды. Олар Украинаға басып кірген кезде қаза болған. Кейбірі Белгород облысында шекара орындарында опат болған. Ресей президенті Владимир Путин әскери борышын өтеп жүргендер соғысқа жіберілмейтінін талай айтқан.

5 сәуірдегі жағдай бойынша Ресейдің Краснодар өлкесі соғыста көп опат болғандар (1918 марқұм) жағынан бірінші орында тұр. Бұған қоса, Еділ, Жайық, Сібір, Мәскеу облыстарындағы аймақтар да алдыңғы орында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG