Accessibility links

ЕО Ереванның Ресейдің ықпал ету аймағынан шығу ниетін құптады


Никол Пашинян, Урсула фон дер Ляйен және Энтони Блинкен Брюссельде, 5 сәуір 2024 жыл.
Никол Пашинян, Урсула фон дер Ляйен және Энтони Блинкен Брюссельде, 5 сәуір 2024 жыл.

Еуроодақ Арменияға Ресейдің ықпал ету аймағынан шығуына көмектесуге келісті және аймақта жағдай ушыққан шақта елді экономикалық тұрғыда қолдауға дайын екенін білдірді. Бұл жөнінде Politico жазды.

5 сәуірде Брюссельде Еурокомиссия жетекшісі Урсула фон дер Ляйен, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Армения премьер-министрі Никол Пашинян арасында келіссөз өтті.

Үш саясаткердің бірігіп өткізген баспасөз жиынында фон дер Ляйен төрт жыл ішінде Армениядағы бизнес пен өнеркәсіпті қолдауға 270 млн еуро бөлінетінін мәлімдеді.

Politico-ның жазуынша, Еуропаға табиғи газ жеткізуші негізгі экспортерлардың бірі – Әзербайжан Брюссельдегі үшжақты кездесуге қарсы болған. Кездесу алдында Урсула фон дер Ляйен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевпен телефонмен сөйлесіп, ЕО-ның "қалпына келтіруге болатын энергия көздері, көлік, энергетикалық қауіпсіздік және өзге салалар" бойынша Әзербайжанмен әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін растаған.

XS
SM
MD
LG