Accessibility links

Қостанай облысында су тасқынына байланысты жергілікті дәрежеде төтенше жағдай жарияланды


Kazakhstan - Map of Kostanai Region.
Kazakhstan - Map of Kostanai Region.

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев су тасқыны ахуалының ушығуына байланысты қалада төтенше жағдай жариялады. Жергілікті биліктің болжамынша, су тасқыны 6 сәуірде шарықтау шегіне жетуі керек.

6 сәуір күнгі брифинг кезінде Жүндібаев қалада үйлерін су басқан тұрғындарды қабылдайтын 20 эвакуациялық пункт ашылғанын айтты. Бір күн бұрын саяжайлардан 200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген еді.

Оның сөзінше, Қостанай облысында су қоймалары кейінгі ондаған жыл ішінде алғаш рет толған. Қазір Қаратомар су қоймасы біртіндеп босатылып жатыр.

"Қазгидрометтің" болжамынша, Тобылдың жоғарғы жағы мен Қаратомар су қоймасына көктемде 450-700 млн текше метр су келуі керек. Алайда кейінгі екі күннің ішінде су қоймаларға шамамен миллиард текшеметр су келген.

Тобыл өзені тасуы мүмкін болғандықтан Қостанай азаматтарына эвакуация жөнінде ескерту айтылды.

Қазақстан билігі су тасқыны әлі шарықтау шегіне жетпегенін айтады. Атырау облысында Жем өзені тасып 65 мың халқы бар Құлсары суға кетті. Ол жақта төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, 2.5 мыңнан астам үй су астында қалған, 12 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған.

Елдің батысы, солтүстігі мен шығыс бөлігінде де жағдай тұрақталған жоқ. Ондаған мың адам эвакуацияланды, мыңдаған үй су астында қалды, ондаған елді мекен орталыққа қатынай алмай қалды.

XS
SM
MD
LG