Accessibility links

Bloomberg: Биыл Түркияның Ресейге экспорты күрт азайды


Ресеймен сауда жасағаны үшін түрік компанияларына санкция енгізілгеннен кейін Түркия мен Ресей арасында тауар айналымы күрт азайды деп деп жазды Bloomberg агенттігі.

Түркияның сауда министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Түркияның Ресейге экспорт көлемі былтырмен салыстарғанда 33,7 пайызға азайған. Әсіресе станок, электр моторы және насос экспорты қысқарған.

Машинақұрылыс өнімдерін экспоттаушылар қауымдастығының төрағасы Құтлы Каравелиоғлудың сөзінше, биыл қос мақсатта пайдаланылатын тауарлар экспортына шектеу мен санкция тізімі жылдам тарауына байланысты Ресейге тасымал көлемі миллиард долларға қысқаруы мүмкін. Бұл былтырғы сауда көлемінің үштен бірі.

Бұған дейін Еуроодақ Түркия, Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерін тыйым салынған тауар мен технологияны Ресейге жеткізуші негізгі елдер деп атаған. Былтыр Ақ үй Ресейдің әскери өнеркәсіп кешендері пайдалануы мүмкін тауарларды шектеу үшін жанама санкциясы тетігіне үміт артқан. Вашингтон Ресеймен сауданы үзбеген елдерге санкция туралы ескерткен. Соның нәтижесінде бірнеше түрік және қытай банктері ресейлік клиенттерімен жұмысты тоқтатты.

2024 жылдың ақпан айындағы мәлімет бойынша, Батыс елдері ресейлік компаниялар мен жеке тұлғаларға қарсы 18 мыңдай санкция енгізген. Олардың саны басқыншылық басталған кездегі жағдаймен салыстырғанда алты есе ұлғайған.

XS
SM
MD
LG