Әлемдік даму жобаларын қаржыландыратын үкіметтерге, экономика көшбасшыларына және банктерге ғаламдық жылынудың ауыр салдарын болдырмас үшін екі жыл уақыты ғана қалды.
БҰҰ-ның климат бойынша конвенциясының атқарушы директоры Саймон Стилдың айтуынша, алдағы екі жыл – "планетаны құтқаратын өте маңызды кезең" болмақ. Бұл жөнінде Reuters жазды.
Стил сәрсенбі күні Лондонда ғаламдық жылынуға байланысты халықаралық саяси күн тәртібін өзгерту ықтималдығы жөнінде сөз сөйледі.
Ғалымдардың сөзінше, 2030 жылға қарай парник газының көлемін қысқарту температураның жоғарылауын 1,5 градус деңгейінде ұстап тұруға көмектеседі.
Алайда былтыр атмосфераға шығатын көмірқышқыл газы рекордтық көрсеткішке жеткен.
Лондондағы халықаралық қатынастар институтында сөйлеген Саймон Стил экономикасы дамыған жиырма ел атмосфераға шығатын лас газдың 80 пайызына жауапты екенін атап көрсетіп, олар шұғыл түрде шара қолдануға тиіс деді.
Биыл Әзрбайжан астанасы Бакуде климат бойынша келіссөз өтеді. Келіссөзге қатысушылар дамушы елдерге көмірсутекті өндіруден пайда болған қалдықтармен күреске қаржылай көмек бермек.
ПІКІРЛЕР