Accessibility links

Қаңтарда "резиденцияға басып кірді" деп айыпталған 11 адамның соты: Прокурор жаза сұрады


Қаңтар кезінде «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «билік өкіліне күш көрсетті» және «ғимаратқа шабуыл жасады» деп айыпталған 11 адамның соты. Алматы, 12 сәуір 2024 жыл.
Қаңтар кезінде «жаппай тәртіпсіздікке қатысты», «билік өкіліне күш көрсетті» және «ғимаратқа шабуыл жасады» деп айыпталған 11 адамның соты. Алматы, 12 сәуір 2024 жыл.

12 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық сотында Қаңтар кезінде "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "билік өкіліне күш көрсетті" және "ғимаратқа шабуыл жасады" деп айыпталған 11 адамның сотында жарыссөз басталды. Сот былтыр қыркүйекте басталған.

Бұған дейін айыпталушылар тергеу обьективті жүрмегеніне шағымданған. Олар тергеу абақтысында азапталғанын да мәлімдеген. Айыпталушылар бұл туралы арыз жазған, бірақ дәлел жоқ деген уәжбен іс жабылған.

Жарыссөз кезінде прокурор айыпталушыларға төмендегідей жаза сұрады:

1. Серік Кекілбаев Матайұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану" бойынша айып тағылған - 11 жыл түрме жазасы;

2. Тұрсынбай Алпысбаев Бауыржанұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

3. Ақжол Жандарбеков Смайылұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру", "билік өкіліне күш қолдану", "адамды кепілге алу" бойынша айып тағылған - 12 жыл түрме жазасы;

4. Нұртас Каранеев Сейітмұхаметұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

5. Рысбек Мамыров Жүнісбекұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

6. Қосай Маханбаев Кәрімгалиұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

7. Әбидолла Таубай, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

8. Арман Әлімбеков Әшірәліұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

9. Нұрсұлтан Байкісиев Сұбханұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

10. Дәурен Бакиев Маратұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

11. Серікбол Орынғазы Орынбайұлы, "жаппай тәртіпсіздік", "ғимаратқа басып кіру" бойынша айып тағылған - 10 жыл түрме жазасы;

Прокурордың сөзінше, 11 адамның 9-ы тағылған айыпты ішінара мойындаған. Қалған екеуі — Нұртас Қаранеев пен Серік Кекілбаев айыпты мойындамаған.

Айыпталушылардың бірі Ақжол Жандарбеков тергеу изоляторында қамауда отыр. Қосай Маханбаев үйқамақта. Қалған 9 адам бостандықта.

"Президент резиденциясына шабуыл жасады" деп айыпталғандар ішінде белсенді Қосай Маханбаев бар. Маханбаев – Қаңтар оқиғасында ұсталып, Алматыдағы тергеу изоляторында азапталғандардың бірі. Оны Алматыдағы дүрбелең кезінде оқ тиіп, ауруханада жатқан жерінен полиция алып кеткен. 2022 жылы қазан айында Алматы прокуратурасы Қосай Маханбаевты азаптау ісі бойынша полиция қызметкерлері үстінен түсірген шағымын жапқаны белгілі болды.

2022 жылы 5 қаңтарда Алматының орталық алаңындағы наразылық дүрбелеңге ұласып, қала әкімдігі мен президенттің резиденциясы қатты бүлінген. Бас прокуратура Алматы әкімдігі мен президент резиденциясын басып алуға мыңға жуық адам қатысқанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG