Accessibility links

Жерде күшті магниттік дауыл болып жатыр. Күн бетіндегі жарылыстарға байланысты Қазақстанда поляр шұғыласы байқалған


Күн бетіндегі жарылыстар. NASA суреті. 9 мамыр 2024 жыл.
Күн бетіндегі жарылыстар. NASA суреті. 9 мамыр 2024 жыл.

Жер бетінде кейінгі 20 жылдағы ең ірі магниттік дауыл басталды: оған ғалымдар ең жоғары G5 деңгейін берді деп хабарлады Ресей және АҚШ-тың ғарыш институттары.

Күшті магниттік дауыл кезінде энергетика нысандары және ғарыш аппараттарында ақау туындауы мүмкін. Поляр шұғыласы тіпті тропиктік елдердің өзінде көрінуі мүмкін.

Қазақстанның солтүстік облыстарының тұрғындары поляр шұғыласын байқауы мүмкін.

Поляр шұғыласын Грузия, Армения, Куба, Беларусь және Украина азаматтары байқаған.

Ресейдің бірнеше аймағында да - Ленинградтан Ростов облыстарына дейінгі аралықта, сонымен бірге Сібір мен Оралда да поляр шұғыласы көрінген.

Бұған дейін Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн зертханасының жетекшісі Сергей Богачёв магниттік дауылдың ұзақтығы 20-40 сағатқа созылуы мүмкін деп айтқан.

"Жерді плазма бұлттары қоршады. Одан кемінде бір тәуліктен кейін ғана шығуға болады" деді ол. Оның сөзінше, үш күн ішінде Күн ерекше ірі төрт плазма бұлтын лықсып шығарған.

XS
SM
MD
LG