Accessibility links

Польша АҚШ-пен жаңа JASSM-ER ракетасы бойынша келісім жасасты


Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш.
Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш.

АҚШ пен Польша жаңа келісім жасасты, оған сәйкес, Вашингтон Варшаваға JASSM-ER ракеталарын жеткізеді. 735 млн доллардың келісімі жөнінде 28 мамырдағы баспасөз мәслихатында Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш мәлімдеді деп жазды "Америка дауысы". Министрдің сөзінше, бұл — "әуе - жер" санатындағы ракета сатып алу туралы жасалған кезекті келісім.

Польша қорғаныс министрлігі бұл ракеталар 1000 шақырым қашыққа дейін жетеді деп хабарлады.

Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы жалғасып жатқан тұста Польша өз қарулы күштерін нығайтуға көп қаражат жұмсап жатыр.

Reuters агенттігі биыл Польша жалпы ішкі өнімнің шамамен төрт пайызын қорғаныс саласына бөледі деп жазды.

Өткен аптада Польша АҚШ-пен солтүстік-шығыс бағытындағы әуе кеңістігін бақылау үшін 960 млн долларға барлау жүйесін алуға келісім жасасқанын жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG