«Түнгі 2-де таң атады». Қазақстанның ең шығысындағы ауылға жаңа уақыт жайсыз тиді
Қазақстанның ең шығысындағы Аршаты ауылы күннің көзін бәрінен бұрын көреді. Ауыл адамдары мамырда таң түнгі 3-те атып қояды, бір айдан кейін 2-де күн шығады дейді. Олар таяуда өзгерген уақыт белдеуінің ыңғайсыздығына шағынады.