Accessibility links

Ресейлік маман Черчесов Қазақстан футбол құрамасына бас бапкер болып тағайындалды


Станислав Черчесов
Станислав Черчесов

Ресейлік маман Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) хабарлады.

60 жастағы Черчесов Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды клубтарын жаттықтырды. Бұған қоса, Польшаның "Легия", Венгрияның "Ференцварош" клубын баптаған. Ресей құрамасының бас бапкері де болды. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында Ресей құрамасын ширек финалға шығарды. Осы жетістіктен соң Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Черчесов бастаған құраманы қабылдаған.

Черчесов бапкер ретінде Ресей чемпионатында күміс жүлде алып, Польша мен Венгрияда чемпион атанған.

Қазақстан құрамасын осыған дейін жаттықтырған ресейлік маман Магомед Адиев өткен аптада қызметінен кеткен. ҚФФ келісім-шарт екі тараптың келісімімен үзілгенін хабарлаған. Адиев бұған дейін Шешенстанның "Ахмад" футбол клубына бас бапкер болып тағайындалған еді.

Черчесовтың Қазақстан құрамасына бас бапкер болатыны жайлы ақпарат өткен аптада тарап, жергілікті басылымдар "ол жылына 1,2 млн еуро жалақы алатыны" жайлы жазған еді. Бірақ ҚФФ Черчесовтың айлығы жайлы ақпаратты жоққа шығармады я растамады. Ресейлік маманның жалақысы туралы ресми ақпарат та таратпады.

Черчесов Қазақстан құрамасын Еуропадағы Ұлттар лигасы жарысына дайындайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG