Accessibility links

Bloomberg: Ресей Украинаның қару-жарақ тапшылығына ұшырағанын пайдалана алмады


Харьковтағы атқылаудан кейінгі көрініс
Харьковтағы атқылаудан кейінгі көрініс

Ресей одақтастарының Украинаға қару-жарақты кеш жеткізуін сәтті пайдалана алмаған тәрізді, орыс әскері майданда айтарлықтай табысқа жеткен жоқ. Бұл жөнінде Bloomberg жазды.

Ақпарат агенттігі Ресей әскері бірнеше айда ірі жетістікке жетті деп айту қиын деп жазды. Қазір Киев миллиард долларлық қару-жараққа қол жеткізе бастаған шақта Украина мен Ресей әскерінің мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық азая түскен.

Ресейдің Харьков облысынан жаңа майдан ашу талпынысы құрдымға кететін тәрізді, Кремльдің шекара маңынан "санитарлық аймақ" ашу жоспары да орындалған жоқ деп жазылған мақалада.

Bloomberg-тің жазуынша, ақпан айында өте көп күш жұмсап, Авдеевканы алған Ресей әскері бірнеше айдан бері Донецк облысының шығысында Часов Ярды алуға күш салып жатыр.

Bloomberg агенттігіне сұхбат берген ресейлік сарапшылардың пікірінше, Украина қарулы күштерінің ресурсын сарқу стратегиясы Ресей армиясы үшін өте қымбат және қанды жайт.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күнгі мәлімдемесінде Ресей әскері "Харьковтағы операцияны жүзеге асыра алмады" деді. Оның сөзінше, бұл украин әскерінің әрекетінің маңызды нәтижесі.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің әскери мақсаттары өзгермегенін айтып отыр және Ресей Украинаны жеңу үшін қанша уақыт соғысу керек болса, сонша соғысуға бекінген деп жазды Bloomberg.

XS
SM
MD
LG