14 маусым, жұма күні кешке Мюнхенде футболдан Еуропа чемпионаты басталды. Алғашқы ойын А тобындағы Германия мен Шотландия құрамалары арасында өтті.
Ойын қорытындысы бойынша, алаң иелері 5:1 есебімен Шотландия командасын жеңіп кетті. Шотландия футболшыларына жалғыз ұпай әкелген голды Германия құрамасының қорғаушысы өз қақпасына соқты.
Сөйтіп, Германия құрамасы үш ұпай жинап, А тобында бірінші болып тұр. Шотландия келесі ойында Швейцария құрамасымен, ал Германия Венгрия командасымен кездеседі. Екі ойын да 19 маусымда өтеді.
Бүгін, 15 маусымда Еуропа чемпионатының үш матчы өтеді: Венгрия мен Швейцария, Испания мен Хорватия және Италия мен Албания алаңда бақ сынайды. Чемпионат Германияның бірнеше қаласында 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді.
ПІКІРЛЕР