Accessibility links

ХОК Париж олимпиадасына қатысатын алғашқы 14 ресейлік атлетті атады


Париждегі Эйфель мұнарасы.
Париждегі Эйфель мұнарасы.

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Париж олимпиадасына қатысу үшін арнайы комиссияның тексеруінен өткен 14 ресейлік спортшыны атады: велоспорт жарысынан – үш адам, батутта секіруден – бір адам, қалған 10 адам – күрес түрлері бойынша қатысқысы келеді.

Беларус азаматтары арасында әзірге 11 атлеттің Париж олимпиадасына қатысуға рұқсат алуға мүмкіндігі бар: велоспорт – бір адам, батутта секіру – екі адам, ауыр атлетика – екеу, күрес – алты адам.

Олимпиада ойындарында таэквондо сайысынан ресейліктерге екі ер, екі әйел квотасы, Беларусь спортшыларына деп бір ерлер квотасы бөлінген еді. Бірақ екі елдің де өкілдері бұл квотаға қол жеткізе алмады.

Былтыр желтоқсанда ХОК атқару комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларына Париж олимпиадасына жеке жарыс түрлерінен өтетін сайыстарға бейтарап статуспен қатысуға рұқсат еткен. ХОК ресейлікерге 54 квота, Беларусь спортшыларына 28 квота бөлген еді.

Биыл наурызда ХОК Париждегі жазғы олимпиада ойындарына бейтарап статуста қатысуға тілек білдірген әрбір ресейлік және беларусь спортшысының құқын бағалайтын арнайы комиссия құрған.

Бейтарап статуспен олимпиада ойындарына қатысқысы келетін атлеттерге ХОК-тің қойған талабы бар: спортшы Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдамауы және армия мен арнайы қызметтермен (соның ішінде "Динамо" және ЦСКА спорт клубтарымен) ешқандай байланысы болмауы шарт.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG