Трамп пен Зеленскийдің тәжікесі, Украинаға қолдау, жаңа бейбітшілік жоспары
АҚШ пен Украина президенттерінің Ақ үйде журналистер алдында сөз таластыруы әлемдік геосаясатта үлкен дүрбелең тудырды. Осы «айтыстан» кейін Еуропа лидерлері Украинаға қолдау білдіріп, жаңа бейбітшілік жоспарын әзірлейтінін мәлімдеді.