Accessibility links

Израильдіктер Тель-Авивте бас қосып, Газадағы ұсталған тұтқындарды күтіп отыр


"Кепіл тұтқындар алаңына" жиналғанда Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім келісімін тойлап жатыр. Тель-Авив, 9 қазан 2025 жыл.
"Кепіл тұтқындар алаңына" жиналғанда Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім келісімін тойлап жатыр. Тель-Авив, 9 қазан 2025 жыл.

Дүйсенбінің таңында Тель-Авивтегі "Кепіл тұтқындар алаңында" жүздеген адам жиналып, Газада ұсталған израильдік тұтқындардың босатылғанын күтіп отыр.

"Кепіл тұтқындар отбасыларының форумы" таратқан тікелей эфирде жұрт сары (тұтқындарға ниеттестік білдіру символы) орындықта отырып, Израильдің ақ-көк туын жалаулатып отырғаны көрінеді.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, палестиналық ХАМАС тобы (АҚШ пен Еуроодақ бұл топты террор ұйымы деп таныған) кепіл тұтқындарды жергілікті уақыт бойынша таңғы 8:00-де (Астана уақыты бойынша 10:00) босатпақ.

Израиль билігінің мәліметінше, ХАМАС Газада ұстап отырған 48 кепіл тұтқынның 20-сы тірі.

Газада тұтқында болған адамдар босатылған соң, бірден ауруханаға жеткізілмек.

– Енді қазір біздің алдымызда маңызды ортақ миссия тұр: босатылған кепіл тұтқындарды, олардың отбасыларын, жаппа шеккен қауымдарды және жалпы алғанда Израиль қоғамын оңалту миссиясы, – деді "Кепіл тұтқындар отбасыларының форумы".

Форумның мәлімдеуінше, толық оңалту үшін тірі адамдармен бірге мәйіттер де қайтарылып, оларды Израиль жерінде жерлеу керек. Бірақ Израиль әскері қаза тапқан 28 адамның сүйегі бітім келісімі аясында белгіленген 72 сағат ішінде қайтарылады деп күтпейді. Өйткені мәйіттердің бір бөлігі Газадағы қирандылар астында қалған болуы мүмкін.

Бітім келісімі аясында Израиль 2 мыңға тарта палестиналық тұтқында босатуы керек. Олардың ішінде 250 адам өмір бойына сотталған.

DPA агенттігі

XS
SM
MD
LG