Өзбек билігі тандырларды қиратып жатыр. Неге?
Ташкент күз басталғалы әлемдегі ауасы қатты ластанған қалалар қатарынан шыға алмай келеді. Президент Шавкат Мирзиёев арнайы комиссия құрғаннан кейін, шенеуніктер экологиялық рейдтер жүргізе бастады. Сол рейдтердің аясында құзырлы органдар шағын дәмхана алдында тұратын тандырларды да қиратқан. Бұл жайт қоғам наразылығын тудырды.