Путин Назарбаевтың "оққағары" ма?
Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жыл қарсаңында Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені Қазақстанда қызу талқыға түсті. "Ескі Қазақстанның" елесі туралы көп айтатын депутаттар экс-президенттің бұл қадамын айыптап, кейбірі оның шетелге шығуын шектеу туралы бастама көтерді.