Accessibility links

Жаңа Конституцияға өлім жазасына тыйым салу нормасын енгізу ұсынылды

Қазақстанда өлім жазасына тыйым салуды және адамның өмір сүруге деген құқығын жаңа Конституцияға енгізуді ұсынды. Бұл ұсыныс 29 қаңтарда Конституциялық комиссияның отырысында айтылды.

Бұл ұсынысты жасаған депутат, комиссия мүшесі Сергей Пономарёв "адамның өмір сүруге құқығы – жоғарғы құндылық, құқық пен еркіндің іргетасы" деді.

Депутаттың бұл ұсынысын адам құқығы жөніндегі уәкіл Артур Ластаев қолдап, өмір сүруге құқықты Конституцияға бекіту керек деп мәлімдеді.

"Өмір сүру құқығы – әр адамның ажырамас әрі абсолютті хақысы. Ешкім адамды өмірінен айыруға құқығы жоқ" деген норманы бекітуді ұсынамын. Тағы бір маңыздысы "Өлім жазасына тыйым салынады" деген норма, - деді Ластаев.

2003 жылы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына мораторий жариялаған. Ал 2021 жылы қазіргі президенті өлім жазасына тыйым салатын заңға қол қойды.

XS
SM
MD
LG