Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері Еуропа елдері Киевті қарумен және қаражатпен демеп келеді. Солардың ішінде Балтық елдері де бар. Екі жыл бұрын аймақ елдерінің Астанадағы өкілдерімен кең сұхбат құрған едік. Азаттық осы форматты қайталап, кейінгі екі жылда не өзгергенін талқылап көрді.