Reuters Fact Check журналистері "Хаменеидің үйінді астындағы суретін" Google компаниясының видео, аудио, суреттерді тексеретін Google’s SynthID құралымен тексерген. Google’s SynthID суреттің әр бөлшегін (watermarks) тексеріп, жасанды интеллект арқылы жасалған деген қорытындыға келген.
Азаттық суретті Hive Moderation AI детекторы арқылы тексергенде, бұл детектор бұл фотоның ЖИ арқылы жасалу ықтималдығы 98,5 пайыз деген нәтижені көрсетті.
AFP агенттігі 28 ақпандағы АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылынан кейін түсірілген құтқарушылардың фотолары мен желіде тараған фотоны салыстырып, құтқарушылардың киімдері мен басқа да атрибуттар бір-біріне ұқсамайды дейді.
Бұған қоса, мұндай суретті Ирандағы мемлекеттік ақпарат агенттіктері де таратқан жоқ. Ал Иран сайттары таратқан суреттерде құтқарушылардың киімі басқа.
Үкім: Аятолла Әли Хаменеидің "үйінді астында жатқан мәйіті" деген фото жасанды интеллект арқылы жасалған.
АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда Тегеранға жасаған соққысынан Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи мен басқа да билік өкілдері, әскери басшылар қаза тапқан.
Ирандағы жағдайға қатысты сенімді ақпараттарды Азаттықтың жазбаша трансляциясынан бақылай аласыз.