Accessibility links

"Қазгидромет": Ираннан қышқыл жаңбыр келе жатқанына ғылыми дәлел жоқ

Тегерандағы мұнай базасына жасалған шабуылдан кейінгі сәт. 8 наурыз 2026 жыл.
Тегерандағы мұнай базасына жасалған шабуылдан кейінгі сәт. 8 наурыз 2026 жыл.

"Қазгидромет" Иран аумағынан Қазақстан мен Орталық Азияға қышқыл жаңбыр келе жатыр деген сөзді жоққа шығарып, бұған ғылыми дәлел жоқ деп мәлімдеді.

"Қышқыл жаңбыр ауаға өндірістен, энергетика мен транспорттан күкірт оксиді мен азот тарағанда болады және ластану аймағында жауабы. Ауа массалары ұзаққа таралғанда күкірт оксиді мен азоттың концетрациясы табиғи атмосфералық процестерден азаяды. Қазіргі мониторингке сай, лас заттардың Қазақстан мен Орталық Азияға тарау белгілері тіркелген жоқ" деді "Қазгидромет" 9 наурызда.

Демалыс күндері Израиль Иранның мұнай базаларына соққы жасап, Тегеранда үлкен өрт болған. Кейін қаланың аспанын түтін басқан еді. Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыстан соң улы көмірсутек, күкірт оксиді және азот көп бөлінгенін хабарлады. Соның салдарынан қышқыл жаңбыр жаууы мүмкін деген қауіп бар.

Израиль дереккөзі Reuters агенттігіне Иранның мұнай базасындағы отын қару-жарақ жасауға, әскери базалардың жұмысына пайдаланылғанын айтқан.

Иранның мұнай зауыттарына шабуыл жасалған тұста желіде күкірт оксиді мен азот бар бұлт Қазақстан мен Орталық Азияға келе жатыр деген сөз тараған.

XS
SM
MD
LG