Accessibility links

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыстың бейтарап елдерді шарпығанына қарсылық білдірді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыс бейтарап елдерді де шарпып жатқанына қарсылық білдірді. Бұған қоса ол соғысқа қатысы жоқ БАӘ-нің және Парсы шығанағындағы басқа елдердің егемендігін, аумақтық тұтастығын бұзбауға, шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Тоқаев бұл мәлімдемесін БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикиді қабылдағанда айтқан.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев бейбіт келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соғыс бастап, кейін Иран жауап ретінде АҚШ-тың әскери базалары орналасқан БАӘ, Катар, Бахрейн, Кувейт елдеріне соққы жасаған. Тегеран бұл елдердегі АҚШ-тың әскери нысандарына ғана шабуылдағанын айтады.

Тоқаев 28 ақпаннан бері Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты бірнеше рет мәлімдеген жасаған. 1 наурызда ол БАӘ, Сауд Арабиясы, Қатар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына қолдау білдіріп, "достас әрі бауырлас елдердің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлық әскери әрекетті" айыптаған. Иран дрондарының Әзербайжанның Нахчыван әуежайына жасаған соққысын да қатаң айыптаған еді.

XS
SM
MD
LG