Қазақстан Израильдің атышулы құрылғысын импорттаған. Оны қандай мақсатта қолданады? | Зерттеу
Смартфон мен ноутбукті "бұзып" кіріп, хат, фото-видео және өзге де ақпаратты алатын UFED деген құрылғы бар. Бұл негізінен құзырлы органдарға арнап шығарылады. Жеке мақсатта қолдануға тыйым салынған. Израильде жасалып, әлемнің жүзден астам еліне экспортталады. Алушылар қатарында Қазақстан да бар.