Пашинян мен Путин Арменияның Еуропа одағына кіру мүмкіндігін талқылады
1 сәуірде Владимир Путин Никол Пашинянды Кремльде қабылдады. Кездесу барысында тараптар Ресей мен Армения арасындағы экономикалық және дипломатиялық байланыстарды, сондай-ақ Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып қала отырып, болашақта Еуропалық Одақпен ықпалдасу мүмкіндігін талқылады.